Хадиша Ақаева - Азаттықтың Шығыс Қазақстан облысындағы тілшісі. Шәкәрім атындағы университетті журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Армения және Грузиядағы басылымдарда тәжірибеден өткен. Азаттықпен 2019 жылдан бері серіктес.
Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауылында коронавирусқа қарсы митингілер өтті. Азаттық тілшісі облыстық әкімдік шененуіктерінің тұрғындармен кездесуіне қатысып, жергілікті халықты не мазалайтынын анықтауға тырысты.
Семейлік қоғам белсенділері өзі үлескер саналатын автопаркте еңбек заңы бұзылғанына көз жұма қарап отыр деп жергілікті әкімдікті кінәлайды. Жұмысшылар кәсіпорында еңбек шарты жасалмағанын, 16 сағат жұмыс істеуге мәжбүр екенін айтады.
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының соты жергілікті белсенді, CIVI қоғамдық қорының басшысы Ерсін Құдияровты "алаяқтық" бабымен жауапқа тартып, үш жылға бостандығын шектеді. Құдияров тағылған айыпты жоққа шығарып, қылмыстық қудалауды өзінің белсенділігімен байланыстырады.
Зайсан – Қазақстанның Қытаймен шекарасы тұсында орналасқан қала. Шыңжаңнан қашқан этникалық қазақтар Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы "Майқапшағай" кеден бекетін айналып, осы жерден өткен. Азаттық тілшісі Зайсанның бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
6 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық сотында «мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті» деп айыпталған этникалық екі қазақ Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлының соты басталды. Бірінші сот отырысына айыпталушыларды қолдауға елдің әр аймағынан ондаған адам келді.
Қазақстандағы уран өндірісінің орталығында не болып жатыр? Белсенділер Өскеменде аз байытылған уран банкінің ашылуына байланысты алаңдаушылық білдірсе, сарапшылар қала аумағында улы заттарды сақтаудың тұрғындарға еш қаупі жоқ дейді.
Семей ядролық полигонынан зардап шеккен халықтың 68 пайызы экологиялық төлемдер алмайды. Бұл дерек Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтанушылары жүргізген зерттеу нәтижесінде анықталған. Үкімет мұндай төлемдер "лайықты деңгейде" болуы керегін, бірақ әзірге оның шешімі жоғын айтады.
Семейдегі Жеңіс саябағына қойылған жауынгер қыз Мәншүк Мәметованың ағаш мүсінін тұрғындар "сапасыз" деп сынағаннан кейін, билік оны алып тастады. Әкімдік мүсінге қатысы жоғын айтты, ал ескерткіш авторлары жұрттан кешірім сұрады.
Екі аймақ – Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарының тәжірибесі екі түрлі. Петропавлда азаматтар митингіге рұқсат алуға талпынса, Өскеменде халық мәселені қол жинап шешуге тырысады.
Жыл басында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке аймақта туризмді дамытуды тапсырған. Іле-шала Семейде ішкі туризмді дамыту секторын құру туралы шешім қабылданды. Алайда жергілікті өлкетанушылар бұған күмәнмен қарайды.