Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.
Астанадағы "Ата-Кент" тұрғын үй кешенінің үлескері Ольга Цветкова үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды. Цветкованың айтуынша, ол екі жыл бұрын Көктал шағын ауданында жаңа салынып жатқан үйден пәтер алу үшін 9 миллион теңге берген.
Астанада ашылған Art Fest 2016 өнер фестивалі адам энергиясы тақырыбына арналды. Кей суретшілер әлдебір туындылары цензураға ілігіп, басқасына ауыстыруға мәжбүр болғандарын да айтады.
Алматылық белсенділер ҮЕҰ қызметіне қатысты толық ақпарат беру жайлы жаңа ережені заңсыз деп тануды сұраған арызын сотта алты айдан бері қарата алмай жүр.
Астанада сот орындаушылары Мейрамовтар отбасын үйлерінен күштеп шығаруға келді. Алайда Әділбек Мейрамов газ баллонын жарып жіберетінін ескертіп, сот орындаушылары оларды үйлерінен шығара алмай қайтты.
Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің әкесімен соттасып, жеңілген астаналық құқық қорғаушы Талас Сағымбаев төрт айға түрмеге қамалған. Ертеректе белгіленген еркіндігін шектеу жазасының қалған мерзімін ол түрмеде өтейтіні жуырда белгілі болды.
Астана билігі «Ударный» бау-бақша серіктестігіндегі Толқын Ержігітованы кәмелетке толмаған үш баласымен бірге баспанасынан шығармақ.
«Алауыздық қоздырғаны үшін» сотталған белсенділер «терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға» қатысы бар тұлғалар тізіміне енгізілгендіктен банктер оларға қызмет көрсетуден бас тартып жатыр. Кей белсенділер ондай тізім жайлы ешкім ескертпегенін айтады.
Астанада қоғамдық келісім және бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту мемлекеттік коммерциялық емес қоры құрылмақ. Аты дардай құрылым жергілікті ақпарат құралдарына арналған мемлекеттік тапсырысты бөлумен айналысатын болады.
Астанада биліктің рұқсатымен акцияға шыққан 20-дан аса адам қаңғыбас жануарларды өлтіруге тыйым салуға шақырды. Белсенділер балама шара ретінде қаңғыбас жануарларға стерилизация жасауды ұсынады.
«ҚазАқпарат» мемлекеттік ақпарат агенттігі журналистерінің ереуілі жарты-ақ күнге созылды. Үш айдың жалақы қарызын төлеген соң бүгін журналистер жұмысқа кірісіп кеткен.
Астанада Ресей экспорт орталығының Мәскеуден тысқары алғашқы сауда үйі ашылды. Оның өкілдері Ресей тауарларын несиеге алуды ұсынады. Қазақстан бизнесінің кей өкілдері де тауарларын осы орталықтарда сатқысы келеді.
Астанада тұратын азаматтық белсенді Махамбет Әбжанның үстінен үш қылмыстық іс қозғалды. Оны «билік өкілдерін қорлады, оларға бағынбады және күш көрсетті» деп айыптайды.
Астана тұрғыны 55 жастағы Асан Темірбаевтың үйі қираған соң алты шаршы метр тар қорада тіршілік кешіп жатқанына төрт жыл болған.
Қазақстанда «жер наразылығынан» соң құрылған ақпарат және коммуникация министрлігі басшылығына ел президентінің бұрынғы баспасөз хатшысы тағайындалды. Кей сарапшылар министрлік қудалаумен айналысады деп қауіптенеді.
15 жылдан бері сахнада жүрген алматылық «АРТиШОК» театры труппасы алғаш Астанаға келді. Гастрольдің үш күнінде көрермендер екі спектакль көрді, ол бүгін аяқталады. Артық билет қалған жоқ.
Фермерлер одағының басшысы парламент мінберінен «жерді жалға беруге» қарсы митингілер жалғаса беруі мүмкін деп мәлімдеді. Аграрлық саланы талқылаған тыңдауда «жер дауына қатысты наразылықты» айтпауға тырысқан депутаттарға оның сөзі күтпеген оқиға болды.
Астанада тұратын апалы-сіңлілі егде адамдар баспаналарынан айырылғалы отыр. Олардың 9 жыл түрған саяжайдағы үйлері қазір қаланың ортасында қалды. Астана соты қаланы кеңейту үшін алты сотық жерді алу туралы шешім шығарған.
Қазақстандық тауар өндірушілер мен экспорттаушылар Еуразия экономикалық одағына мүше елдерді монополияларды шектеп, бәсекелес орта құру шараларын қарастыруға шақырады. Кей бизнесмендер «одақ елдерімен тауар айналымы кеміді» деген шағым айтады.
Астана қаласында бүгін аяқталатын Еуразия медиа форумында журналистерді «террористерді еріксіз қолпаштайды» әрі «ақпараттық соғыс тұтатады» деп айыптады. Бірақ тілшінің Ресейдің Украинаға жариялаған ақпараттық соғысы туралы сұрағы жауапсыз қалды.
Қарағанды облысы Нұра ауданындағы орта мектеп мұғалімдеріне мектепке смартфон әкелуге тыйым салынды. Кей мұғалімдер «біз білетін қандай құпия ақпарат бар» деп кейиді.
Тағы