Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған. Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді.
Сейсенбі күнгі газеттер Украина президенті Виктор Ющенконың Қазақстанға ресми сапары, сондай-ақ, мамырдың 31-і – совет өкіметі кезіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты коммунистік режимнің құрбанына айналғандар жайлы мақалалар жариялапты.
Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқып жатқан Өзбекстанның және Қазақстанның студенттері бүгін түстен кейін Алматыдағы өзбек елшілігінің алдына наразылық білдіріп жиналып, Әндіжандағы қырғынға байланысты өзбек үкіметіне талап қойып, мәлімдеме жасады.
Жексенбі күні түс кезінде Алматыда Қазақстандағы сөз бостандығы мен баспасөз еркіндігін қорғау мақсатында «Журналистер тәуелсіз ақпарат құралдарын қудалауға қарсы» деген ұранмен митинг болып өтті.
Қазақстан парламентінің елдің қолданыстағы сайлау заңына сайлау кезіндегі бейбіт жиындар мен шерулер өткізуге шектеу қоятын өзгертулер енгізетін заң жобасын бірінші оқылымда қабылдауы Қазақстан қоғамында пікірталас туғызып отыр.
Көрші елдегі саяси ахуалдың барысын бақылап отырған қазақстандық саясаткерлер мен сарапшылар Асқар Ақаевтың Қырғызстанның билік басынан ресми түрде кетуін бұрынғы басшының елдегі қалыптасқан жағдайға объективті көзқараспен қарап, қабылдаған шешімі деген пікір білдіреді. Ал, жаңа биліктің ескінің қателігін қайталамауы керектігін ескертеді.
Ақпанның 3-іне қараған түні Еуропа сапарынан Қазақстанға оралған Заманбек Нұрқаділов ұшақтан түскен бетте Алматы әуежайында баспасөз құралдары үшін брифинг өткізді. Ол бұл сапары кезінде шетелдегі бірқатар қазақстандық оппозиция өкілдерімен, шетелдік саясаткерлермен кездескенін айтты.
Алматы қаласы бойынша №4 Медеу сайлау округінен Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидат болып тіркелген Нұрлан Бәкірлановтың сенім білдірген өкілі Бурабаев Аянды сейсенбі күні кешкілік Алматыдағы көше бойынан заң қызметкерлері тоқтатып, ұстап әкеткені мәлім болып отыр. Аянның айтуынша, полицейлер сайлау жұмыстарын атқарып жүрген бұл азаматтан депутаттықтан үміткер Н.Бәкірлановтың үгіт-насихат парақшаларын заңға қайшы деп тәркілеп алған. Ал кандидат Н.Бәкірланов болса, заң орындарының бұл әрекетіне прокурорға шағымданатынын айтып отыр.
Қостанай облысындағы Құсмұрын түрмесінде жазасын өтеп жатқан Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ғалымжан Жақияновтың зайыбы Қарлығаш бейсенбі күні радиомызға берген сұхбатында биылғы жылдың шілде айында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздігі комитеті тарапынан Ғалымжанға қарсы жаңадан екі қылмыстық істің қозғалғаны жайлы хабарлаған болатын. Бұл ақпаратты жұма күні радиомыздың тілшісіне жауабында аталмыш комитет өкілі растады. Ал Жақияновтың пікірлестері бұл қылмыстық істердің ашылуының астарында Ғалымжанды қамауда ұстау мерзімін ұзарту мақсаты жатыр деп санайды.
Қостанай облысындағы Құсмұрын түрмесінде жазасын өтеп жатқан Павлодар облысының бұрынғы әкімі, 2001 жылы күзде «Қазақстанның Демократиялық таңдауы» қозғалысын құрушылардың бірі Ғалымжан Жақияновқа қарсы тағы да екі қылмыстық істің қозғалғаны жайлы ақпарат тарап отыр. Ғалымжаның әйелі Қарылғаш Жақиянованың айтуына қарағанда, бұл істер шілденің айының ортасында қозғалыпты, бірақ Ғ.Жақиянов ол туралы тек шілденің 28-күні ғана естіпті.
Бейсенбі күні Алматының Медеу аудандық соты ҚР президенті әкімшілігінің пайдасына «Ассанди таймс» газетінен 50 млн теңге, яғни 365 мың доллар және газет мүлкін қамауға алу туралы шешім шығарды. Осы сот шешіміне байланысты «Ассанди таймс» газетінің өкілдері «Азаттық» радиосына қандай да бір түсінік беруден бас тартты. Ассошэйтед пресс агенттігінің хабарлауынша, «Ассанди-таймс» газеті редакторының орынбасары Галина Дырдина сот шешімін Қазақстанда алдағы күзде өткелі отырған парламент сайлауының алдында оппозициялық газеттің үнін өшіру деп бағалап, «бұл әділетсіз шешім екені анық, газетке қарсы көптен бері жалғасып келе жатқан әрекеттердің бір бөлігі» деп айтқан екен. Ал Қазақстан президенті әкімшілігінің өкілі Роза Қуанышбаева болса сот шешіміне разылық танытып, «әділеттілік орын алды» деген пікірін білдірген.
Биылғы жылғы наурыз айының 11-күні Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың атына ашық хат жолдап, елдегі қалыптастып отырған саяси-экономикалық ахуалға өзіндік баға беріп, президент Н.Назарбаев пен оның отбасы мүшелерін сынағаннан кейін көп ұзамай Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы қызметінен жедел босатылған Заманбек Нұрқаділов мамыр айының орта шенінен бастап жұртшылық назарынан тыс, тым-тырыс қалған еді.
Жұма күні түстен кейін Алматыда Қазақстанның Демократиялық таңдауы халықтық партиясының кезектен тыс съезі өтті. Бұл жиын өтуіне республика әділет министрлігінің осы партияның аймақтардағы филиалдарының құрылтай құжаттары мен олардың құрылу тәртібін заңға сәйкестендіріп қайта өткізу туралы талабы негіз болған.
«Азаттық» радиосынан бұған дейін хабарланғанындай, өткен аптада Алматыда Қазақстанның тұңғыш президентінің іс-әрекеттерін зерттеп-тексеру мақсатында қоғамдық комиссия құрылған болатын. Құрамына Кәрішал Асанов, Нұрболат Масанов, Шәміл Әбілтай, Ермұрат Бәпи сынды оппозициялық ортада танымал тұлғалар енген бұл комиссияның төрағасы болып биылғы жылдың наурыз айында Қазақстанның тұңғыш әрі қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына сын айтқаннан соң екі күн өткенде республиканың төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы қызметінен алынған Заманбек Нұрқаділов сайланған-тұғын. Сәрсенбі күні осы қоғамдық комиссия Алматы қаласының әкімі Виктор Храпуновтың атына хат тапсырды. Онда қоғамдық комиссия мамыр айының 15-і күні Алматыдағы орталық алаңға қазірде АҚШ-та тергеуі жүріп жатқан "Қазақгейт" ісі бойынша халық алдында түсінік беру үшін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты шақыратындарын мәлімдеген.
Ақпанның 25-күні АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфелд түс кезінде Ташкеннен Астанаға ұшып келді. Сәрсенбі күні ол мұнда Қазақстанның үкімет жетекшісі Даниал Ахметовпен, сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевпен және Қазақстанның қорғаныс министрі Мұқтар Алтынбаевпен кездесті.
"Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасының" жобасында елдегі білім беру жүйесінде жас ұрпақтың кемінде үш тілді меңгеру мақсаты айқындалып отырғаны мәлім. Ал, басқа тілді былай қойғанда мемлекеттік тіл – қазақ тілін білмей өсіп жатқан қазіргі қазақстандық жас буын арасында бұл міндет қалайша жүзеге аспақ, ол үшін не қажет? Осы мәселе төңірегінде пікір алмасу үшін ақпанның 12-күні Астанада педагог мамандардың қатысуымен республикалық кеңес жұмысы басталды.
Қостанай облысындағы Арқалық қаласында орналасқан жабық түрмеде жазасын өтеп жатқандардың түрме әкiмшiлiгi тарапынан зорлық-зомбылық көрiп жатқаны туралы қапастағы жандардың туыстары мен қоғамдық ұйым өкiлдерi “Азаттық” радиосы арқылы бұған дейiн бiрнеше мәрте айтқан болатын. Әлгi адамдар араша сұрап барған Қазақстанның орталық заң орындары Арқалық түрмесiнде әкiмшiлiк тарапынан ешқандай заңсыз iс-әрекеттердiң болмағанын айтумен келген едi.
Тағы