Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена 2010 жылдан 2024 жылғы қазанға дейін Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі болған.
25 қараша – әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою күні Азаттық оқырман назарына төрт әйелдің хикаясын ұсынады. Әрбірінің тағдыры әрқилы төртеуінің өзін қорлап, жәбірлеген адамнан кетуге батылы жеткен.
Жарылыстан кейін. Шахан тұрғындары әлі күнге буржуйка пеш жағып отыр
Қазақстанда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған ресейлік зымырандардың бөлшектері құлайтын аумақ тұрғындарына өтемақы төлеу мәселесі көтеріліп жатыр. Бұған қатысты тұрғындар мен билік өкілдері не дейді?
Қарағанды облысында жарық беруші компания жұмысшылары екі жылдан бері жалақы алмаған. Кәсіпорын басшылары жұмысшылар талабына құлақ асар емес. Ал жергілікті билік көмектесуге дайын екенін, бірақ ол үшін жұмысшылар өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазу керегін айтады.
Электр энергиясын берудегі ақаулар, жиі жанып кете беретін тұрмыстық техника мен қараңғыда сабақ оқу қазіргі кезде Қазақстан ауылдарында әдеттегі жағдайға айналған. Билік жарық мәселесін электр желісінің ескіруімен байланыстырады, ал сарапшы кінәні әлсіз мемлекеттен іздейді.
Жезқазғанда апатты жағдайдағы нысан деп танылған көппәтерлі тұрғын үйден басқа барар жері жоқ тұрғындар өз өмірі үшін алаңдайды. Әкімдіктің мәселені "шешуді қолға алғанына" он жылға таяды. Әбден тозығы жеткен үйдің қабырғасында ересек адамның қолы сыйып кететін жарықтар пайда болған.
Қарағанды облысындағы Жаңа Тихоновка ауылы жаңа оқу жылы басталған шақта интернетсіз қалды. Өңірге жарық беретін компания тұрғындардың өз қаржысына тартқан желісін заңсыз деп тапқан.
Ирина Московка екі жылдан бері онкологиялық ауруын емдетіп жүр. Биыл бірнеше ай бойы дәрі-дәрмек ала алмаған. Ол "індет кезінде дәріханалардан дәрі іздеп, басымды қатерге тіктім" деп есептейді. Мемлекет ондай науқасты тегін емдеуге міндетті. Неге олай болмағанын анықтау үшін Ирина сотқа жүгінді.
Демократиялық партия құру жөніндегі бастамашыл топтың ұйымдастыруымен 13 қыркүйекте Алматы, Қарағанды, Ақтөбе мен Семейде халыққа несие амнистиясын жариялау, саяси тұтқындарды босату, жерді шетелдіктерге сатпау талабымен жергілікті әкімдік келісімін берген митинг өтті.
Қазақстандағы экологиясы ең нашар саналатын қалалардың бірі Теміртауда трамвай паркі жабылады деген хабар тұрғындарды алаңдатып отыр. Қазақстанда қоғамдық көліктің бұл түрі тек үш-ақ қалада қалған.
"KAZ Феррит" фабрикасының жұмысшылары наразылыққа шықты. Олар 500-дей адамның жұмыссыз қалуы мүмкін екенін айтып, фабриканың жабылмауын талап етеді. Әкімдік мәліметіне қарағанда, дау серіктес екі компания арасында басталған.
Қазақстандық саясаттанушы Дастан Қадыржанов Сәтбаев, Шорнақ пен Қордайдағы оқиғалардың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызы және болашақта не күтіп тұрғаны жайлы ой-пікірін ортаға салды.
Қарағанды облысындағы балалар үйінің түлектері заң бойынша берілуі тиіс баспанасын сұрап отыр. Олардың айтуынша, баспана кезегі алға емес, кері қарай жылжи бастаған.
Қарағанды облысындағы 61 мыңнан астам тұрғыны бар Сәтбаев тыныш қала саналады. 24 шілдеге қараған түні жергілікті тұрғындардың бірі бес жасар қызды ұрлап әкетіп, пәтерінде ұстағаны жайлы хабар тараған соң жүздеген наразы көшеге шығып, күдіктіні халықтың қолына беруді талап еткен.
Қарағандыда "Бесоба" тұрғын үй кешені үлескерлері сотта жартылай жеңіске жетті. Сот шенеуніктерді үйге ақша құйған адамдардың құқығын бұзбауға міндеттеді.
Шетелдік жұмысшылардың жапа шегуімен аяқталған Жәйрем оқиғасы ісі бойынша "жанжалды бастаған" деп танылған екі азаматтың бостандығы шектелді. Осы оқиғаға қатысы бар тараптар мен ресми дерек бойынша, "жаппай тәртіпсіздікке түрткі болатын әрекет жасады" деп танылған азамат қандай қорытындыға келді?
Жезқазғанда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған коррекция орталығы қаржының жоқтығынан жұмысын тоқтатты. Қоғам белсенділері мен ата-аналар билік пен демеушілерден көмек сұрайды. Әкімдік мемлекеттік сатып алу байқауына қатысуға кеңес береді.
Екі айдан астам уақыт карантинде отырған Теміртау қаласының тұрғындары көп адамды табысынан айырған оқшаулау шарасының салдары туралы әңгімелеп берді.
2019 жылы мамырдың 28-і күні ауданындағы әлеуметтік мәселелерді көтеріп, жемқорлықты зерттеп келген белсенді Ғалы Бақтыбаевты үйінің алдында басынан атып өлтіріп кеткен. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында болған бұл қайғылы оқиғадан бері бір жыл өтсе де, кінәлілер әлі жазаланбаған.
Тағы