Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Шымкентте "Қазақстан темір жолы" компаниясының қызметкерлері еңбек шартын өзгертуді талап етті. Олар "қымбатшылық қысқан заманда жалақымыз ештеңеге жетпейді" дейді. Ереуіл өтетін естігін ҚТЖ басшылығы Шымкентке өкілдерін жіберген.
Шетелдегі оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов басқаратын "Қазақстанның демократиялық таңдауы" және "Көше партиясы" қозғалыстарын "экстремистік ұйым" деген сот шешімін өзгертуді талап етіп, белсенділердің аштық жариялап жатқанына екі аптаға жуықтады.
2019 жылы Түркістан облысының Арыс қаласында болған оқ-дәрі жарылысынан соң екі жыл өтті. Кінәлінің кім екенін сот әлі анықтаған жоқ. Билік "зардап шеккеннің бәріне жәрдемдестік" дейді. Бірақ қалада үйі жөнделмегенін, өтемақы алмағанын айтқан адам көп.
Шымкент пен Түркістан облысының кейбір елдімекенінде жанармай жоқ. Дизель мен газ іздеп сабылған жұрт бекеттерде сағаттап кезекте тұр. Азық-түлік артқан, көкөніс тиеген жүргізушілер тауары күйіп бара жатқанын айтады. Энергетика министрлігі мәселе "бір-екі күнде шешіледі" дейді.
Кейінгі апталарда Қазақстан бойынша картоп пен сәбіз бағасы ұшып тұр. Кейбір аймақта сәбіздің бір келісі 800 теңгеге жетті.
Шымкент тұрғындары қаладағы кәріз жүйесінің қалдық суы төгілетін құбырды жауып тастауды талап етеді. Сасық сарқын су құбырдан шыға арық болып жайылады және одан шыққан иіс бірнеше шақырым аумаққа тарайды.
Шымкентте мұғалімдер "туған күніне де ақша жинады" деп айыптаған директордың мектепке қайта бастық болып келгеніне наразы. Даудың басталғанына жеті ай болса да, тергеу әлі аяқталмаған.
Қазақстанның бірнеше қаласында жүк көлігі жүргізушілерінің жолды ақылы жасауға наразылық танытып отырғанына төртінші күн. Олар жол ақылы болса күнкөрісі қиындайтынын айтады. Ал министр автомобиль жолын ақылы жасау әлемде бар қалыпты жағдай деген уәж айтады.
Қазақстанда жүк таситын көлік жүргізушілері үкімет елдегі 18 жолды ақылы жүйеге көшірмес бұрын жол сапасын шетелдегідей етіп жақсартсын дейді. Жоспарынан бас тартпайтынын айтқан министр жөнделмеген жолға ақы алынбайды деп уәде берді. Жүргізушілер жолға ақы енгізуге әлі ерте деп санайды.
Шымкенттегі Қаратау аудандық соты "тыйым салынған ұйымның қызметіне араласты" деп айыпталған үш белсендіні жазалады. Олар өздеріне тағылған айыпты мойындамады.
Қазақстанде кешелі бері жүк көліктерінің жүргізушілері наразылық білдіріп жатыр. Олар маусымнан бастап елдегі кейбір күре жолдардың ақылы болатынына қарсы. "ҚазАвтоЖол" компаниясы "ақылы жол инфрақұрылымды дамытады" десе, жүргізушілер "азық-түлік пен тауарды қымбаттатады" дейді.
Қазақстандық құқық қорғаушылар полицияның наразыларды құрсауға алып, жібермей қоюына қарсы қол жинай бастады. Олар билікке талап қойғандарға кеттлинг әдісін қолданған полицияны жауапқа тартуға шақырады.
Шымкенттегі наурыз тойына бөлінген қаржы туралы әнші, қалалық мәдениет үйінің директоры Сәкен Майғазиев Азаттық сауалдарына жауап берді. Майғазиев наурыз бойынша іс-шаралар құжаты тексеріліп, заң бұзу анықталмағанын айтады. "Пара алмадым, бірақ есепшім кейбір құжатты қате толтырыпты" дейді.
Пандемия кесірінен еңбек мигранттарының көбінің жұмысы тоқтап, табысы азайды. Жат жұртта ақшасыз, тамақсыз қалып қойғандары бар.
Бір мектепте – оншақты бала, біріктірілген сыныптар, екі-үш мұғалім. Оқушы спортзал, асхана, пән кабинеті мен мультимедиа құралы дегенді көрмеген, үйірме жоқ, жиындар дәлізде өтеді. Қазақстанда осындай шағын жинақты жүздеген мектеп бар., Мұндай мектепте білім сапасынан өзге де күрделі проблема көп.
Шымкент іргесіндегі Қарабастау ауылында жүздеген отбасы ауыз суды тасып ішеді. Әкімдік аптасына әкеп берген үш жүз литр судың өзі таза емес. Ауыз су жайын айта-айта қажыған жұрт әкімдікке өкпелі.
Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны бір күнде 4,5 мыңнан 6,5 мыңға бір-ақ секірді. Бұған дейін есептеу әдісін бірнеше рет құбылтқан денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, былтырдан бері екі мыңнан астам марқұмның аты-жөні тізімге енбей қалған.
14 мамырда Шымкенттегі ондаған мал дәрігері наразылық білдірді. Таяуда олар өздері жұмыс істейтін мемлекеттік мекемеден "қызметкерлер 25 пайыз қысқарады" деген хабарлама алған.
Қуғындағы банкир, оппозициялық саясаткер Әблязов халықты митингіге шақырған күні Қазақстанның бірнеше қаласында қауіпсіздік күшейіп, билік орталық саябақ пен базарларды жауып тастады. Байланыс нашарлап, интернет өшті. Азаттық дерегінше, осы күні 13 белсендіні полиция күшпен ұстап әкеткен.
Тағы