Ресей Татарстан астанасындағы стратегиялық бомбалаушы ұшақ шығаратын және жетілдіретін авиация зауытын кеңейтіп жатыр. Финляндияның Yle телерадиокомпаниясы спутниктен түсірілген суреттерге жасалған талдауға сүйеніп осылай деп хабарлады.
Суреттер қыс мезгілінде зауыт аумағында ірі өндіріс ғимараттары бой көтергенін көрсетеді. Олардың ең үлкенінің аумағы шамамен 19 мың шаршы метрге – үш футбол алаңына тең.
Қазан қаласындағы бұл зауыт Ресейдің әскери әуе күштері пайдаланатын Ту-22М3 және Ту-160М бомбалаушы ұшақтарын шығарып, жетілдіреді, оған қоса Ту-160М2 ұшағының жаңа үлгісін құрастырумен айналысады. Алайда 2024 жылы бар болғаны төрт әскери ұшақ – екі Ту-160М2 және екі Ту-160М ғана пайдалануға берілген.
Yle басылымының мәліметінше, Қазан қаласындағы бұл зауыт – 2024 жылы маусым айының басында Украинаның қауіпсіздік қызметі Ресей аумағында іске асырған "Өрмек" операциясы кезінд зақымданған немесе жойылған ресейлік әскери стратегиялық бомбалаушы ұшақтарды алмастыруға қабілетті жалғыз кәсіпорын саналады.
Бұған қоса, Қазандағы кәсіпорын Ту-204 азаматтық авиация ұшағын шығарады және жаңа үлгідегі Ту-214 ұшағын жасауға тиіс. Алайда 2025 жылы тек бір Ту-214 ұшағы дайын болмақ және де ол Батыста жасалған бөлшектерден құрастырылған соңғы нұсқа болмақ. Бұл ұшақтарды Ресейдің қорғаныс министрлігі, федерацияның қауіпсіздік қызметі және жоғары лауазымды тұлғаларды тасымалдайтын "Россия" арнайы әуе тобы пайдаланады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "Өрмектен" соң: ресейлік стратегиялық аэродромның спутниктен түсірілген суреттері жарияланды2024 жылғы 1 маусымда Украина қауіпсіздік қызметі іске асырған "Өрмек" операциясы барысында дрондар Ресейдің төрт өңіріндегі әскери аэродромдарға шабуыл жасады. Олардың арасында Оленья, Белая, Иваново-Северный және Дягилеводағы әскери әуе базалары бар. Батыс барлау қызметтерінің бағалауынша, шабуыл салдарынан шамамен 40 ресейлік ұшақ зақымданған, оның 10-13-і толық жойылған.
Украина президенті Владимир Зеленский "Өрмек" операциясы нәтижесінде 41 ұшақ зақымданды, олардың жартысы енді қалпына келтірілмейді деп мәлімдеді.
Ал Ресей сыртқы істер министрлігі Зеленскийдің сөзін жоққа шығарып, ұшақтар тек зақымданды, жойылған жоқ деп айтты.
Your browser doesn’t support HTML5
Путин Ресейдің "ядролық қаруын күшейтпек". Соғыс жаңалықтары